$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жамбыл облысы Жуалы ауданында құны 1 млрд теңгеге жуық қаржыға салынып жатқан жер асты өткелінің құрылысы тоқтап қалған

AstanaTV
18.02.2026ж. 19:00
Жамбыл облысы Жуалы ауданында құны 1 млрд теңгеге жуық қаржыға салынып жатқан жер асты өткелінің құрылысы тоқтап қалған

Жамбыл облысы Жуалы ауданында  жер асты өткелінің құрылысы тоқтап тұр. Жұрт мал жүруге арналған тесік көпірмен қатынаудан әбден шаршағанын айтады. Жаңа өткелдің қазығы қағылып жатқанда тұрғындар алақайлап қуанған, алайда екі айдан бері құрылыс басында тірі жанның көрінбегенін көпшілік түсінбей отыр. 

Бұл- өткен жылы Жуалы ауданы әкімінің 6 қыркүйекте әлеуметтік желіден сүйінші сұрап сөйлеген сөзі. Екі жолақты жаңа жер асты өткелі салынып жатыр деп елді қуантқан кезі. Құрылыс материалдары жеткізілген, қаржысы қолда, енді жұмысты тоқтатпаймыз деген сөзі аяқсыз қалды. Былтыр желтоқсан айынан бері құрылыс жұмыстары тоқтап қалған. 

БЛИЦ:

- Төбесінен су жүреді, өткен-кеткенде машиналарың астына деген машиналардың жарты беліне су тиеді. Бір сағаттап тұрып қалады машиналар мына жерде. Бала-шағаға қиын мына жерде пешеход та жоқ өтіп қайтқанымызға қиын болып жатыр. 

- Жазыменен істемеді бұлар жұмыс вообще нөл. 

- Қар, шұрық- тесік іші, осы мост осылай тұрамыз. Ашылса жақсы болар еді, ертерек. 

Тесік көпір аталып кеткен бұл өткелден күніне 700 ге жуық көлік ары-бері қатынайды. Аудан орталығын екіге бөліп тұрған темір жолдың астынан жүру үшін көліктер кезекпен өтіп кешкісін ұзын сонар кептеліс пайды болатын көрінеді. Жаңа өткел құрылысы өткен жылдың сәуір айында басталауы тиіс болған. Мердігер темір жол торабындағы қозғалысты тоқтатып дайындық жұмыстарын жүргізіпті. Қыркүйекте қаражат келіп қызу жұмысқа кіріскен. Онсыз да кеш басталған құрылыс қарашада қайта тоқтап қалған.   

РУСЛАН АЙТБАЕВ, ЖУАЛЫ АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Свай қағу яғни мынау тесік көпірдің каз темір жолдың төбесінде бес торап өтіп жатыр. Соны ұстап тұратын ірге тасы. Бізде ірге тасы қаланып, әзірленіп жұмыс жасалды. Ал негізгі мынау тесу жұмыстарын әлі мынау ауа райының қолайсыздығына байланысты негізгі жұмыстарды атқарған жоқпыз. Енді біз ол жұмыстардың бәрін қар еріп басталып жатыр бізде наурыз айынан бастап жұмыс атқарамыз.

Бүгінгі күнге дейін бұрғылау жұмыстары жүріп 80 ге жуық бағана қойылған. Енді екі айдан астам уақыт тұралап тұрған көпір құрылысы көктемде басталып жазда аяқталатынына жұрт сенбейді. Сондықтан күмәнді көпірге жоғарыдағылар көңіл бөлсе екен дейді.