$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістандықтар Ата Заңға қолдау көрсету жолында бірігуде

Түркістандықтар Ата Заңға қолдау көрсету жолында бірігуде

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Түркістан облысының тұрғындарымен жаңа Конституцияның негізгі ерекшеліктерін талқылады. Түрлі алаңдарда өткен кездесулерге зиялы қауым мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еңбек ұжымдары, кәсіпкерлер мен жастар қатысты. Ашық әрі мазмұнды әңгіме барысында қатысушылар өз пікірлерін еркін бөлісіп, көкейлеріндегі сауалдарын қойды. Жұртшылық Ата заңның ел болашағы үшін маңызы, тарихи дәстүрлер сабақтастығы, қоғамның топтасуы мен елдің дамуындағы рухани құндылықтардың алатын орны туралы айтты.  Бұдан бөлек,  Жаңа Конституция жобасындағы ата-ананың жауапкершілігі туралы нормаға да назар аударылды. 

РУХАБЗА ҚАЛДАРБЕК, «ДАРА ҰРПАҚ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Конституцияда бап көп бірақ отбасы істері және осал топтағы әйелдер мен балалардың мүмкіндігін арттыру бағытында жұмыс жасайтын маман ретінде, мен үшін 30-шы бап ол ерекше. Себебі Жаңа Конституцияда отбасы институты анық көрсетілген. Бұл жерде ең бастысы ана, әке және бала, отбасы мемлекет қорғауында болады деген. Мұндай үштік яғни біздің мемлекеттің тұрақтылығын сақтау.