$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Вакцинаның аутизмге қатысы жоқ!",- сарапшы

"Вакцинаның аутизмге қатысы жоқ!",- сарапшы

«Вакцина аутизмге шалдықтырады» деген мифке ғылыми нүкте қойылды. Ғалымдар 15 жыл бойы жүргізілген 31 ірі зерттеуді сараптап, екпе мен аутизм арасында ешқандай байланыс жоқ екенін ресми мәлімдеді. Вакцина құрамындағы қоспалардың бала денсаулығына зиянсыздығы толық дәлелденген.

НҰРШАЙ ӘЗІМБАЕВА, ҚР ДСМ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ВАКЦИНАМЕН БАСҚАРЫЛАТЫН ИНФЕКЦИЯЛАРДЫ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Дүниежүзілік денсаулық сақтау көптеген бізге берген ақпараттары мен зерттеулері бар. Осы зерттеулердің арқасында дәлелденген. Аутизм аурулары, ДЦП, қант диабетінің дамуы бұл вакцинацияның алу салдарыменен тікелей байланысы жоқ. Аутизм керісінше егілмеген балалардың арасында көбірек кездесуі мәлім.

Қазір қызылшаның беті қайтқанымен, қаупі сейілген жоқ. Мамандар  алдағы үш жылға арналған «Иммунопрофилактика» жол картасы талқылады. Айта кетейік, соңғы 50 жылда балаларға жаппай екпе егу шарасы әлем бойынша 150 миллионнан астам адамның өмірін аман алып қалған.

ҚАНАТ СУХАНБЕРДИЕВ, ДДСҰ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛДІК КЕҢСЕСІ ИММУНДАУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

Азияда қызылша ауруының жағдайлары 2024 жылмен салыстырғанда айтарлықтай азайды. Бірақ сол жылдың есебімен біз қызылша ауруымен ауратын елдердің ішінде 4-орында болдық. Қазір сәл азайды десек те, ағымдағы жылдың қаңтар айындағы қызылша өршуі бұл инфекцияға қарсы екпе алмаған ел тұрғындарының барлығы үшін қауіп төндіруде.