$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Бүгін алғашқы тарауық намазы оқылып, ертең ораза басталады

Бүгін алғашқы тарауық намазы оқылып, ертең ораза басталады

Мұсылман қауымы үшін ертең айлардың сұлтаны - қасиетті Рамазан айы басталады. Биыл ораза 29 күнге созылмақ. Санаулы сағаттардан соң еліміздегі мешіттерде алғашқы тарауық намазы оқылады. Исламда Рамазан айында ораза ұстау - кәмелетке толған әрбір мұсылманға парыз. Ораза ұстаған жан таң сәріден күн батқанға дейін ішіп-жеуден ғана емес, жаман әдеттер мен теріс қылықтардан да тыйылады. Бұл - рухани тазару мен сабырды шыңдайтын ерекше кезең. Имамдар қасиетті айда ысырапшылдыққа жол бермей, дастарқанды қарапайым әрі тойымды етуге шақырады. Биыл Қадір түні наурыз айының 16-нан 17-сіне қараған түні атап өтілмек. Ал пітір садақа мөлшері ел бойынша 735 теңге болып бекітілді. Қасиетті ай бойы мешіттерде құлшылық күшейіп, қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады.

ЕЛБЕК ТАСБОЛАТҰЛЫ, ҚМДБ ШАРИҒАТ ЖӘНЕ ПӘТУА БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

Ғалымдарымыз айтқандай Рамазан - бұл жүректің ғибадаты дейді. Дененің ғана ғибадаты емес, тек қана тамақ ғана тыйылмай басқа да көзін жаманшылықтан, қолын жаманшылықтан, бүкіл денесін жаманшылықтан тыйса бұл адамға өмірлік азық болады дейді. Өзінің тұлғасын қалыптастыруға, адамгершілікке баулитын ғибадаттардың бірі. Және басқаларға жанашыр бола білуді үйрететін ғибадаттардың бірі. Сондықтан осындай рухани жағына көбірек мән берсе екен дейміз.