«Сырдария-Түркістан» өңірлік мемлекеттік табиғи паркі аумағында көктемнің жаршысы саналатын наурызек құсы қайта оралды.
Сондай-ақ бәйшешек пен дестегүл бүр жарып, қазжуа және өзге де нәзік гүлдер көріне бастады. Мамандардың айтуынша, бұл құбылыстар Түркістан өңіріне көктемнің ерте келгенін көрсетеді.