$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодар облысында түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген жасөспірімдер анықталды

Павлодар облысында түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген жасөспірімдер анықталды
Polisia.kz

Павлодар облысында түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген 135 жасөспірім анықталды.

Павлодар облысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күн сайын рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүрген 135 кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады. Аталған деректер бойынша олардың заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, ал жасөспірімдердің өздерімен құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мәселен, Баянауыл ауылында түнгі сағат 01:05 шамасында қоғамдық орында заңды өкілінсіз жүрген кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Осы құқық бұзушылыққа байланысты оның заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларының бос уақытын бақылауда ұстаудың маңыздылығын ескертеді. Себебі түнгі уақытта жасөспірімдердің көшеде жүруі олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Құқық бұзушылықтардың және әкімшілік жауапкершіліктің алдын алу үшін ата-аналарға балалардың сағат 22:00-ден кешікпей үйде болуын қамтамасыз ету ұсынылады.