$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбе облысы Темір ауданында 23 жастағы мұғалімнің мәйіті өз үйінен табылды

AstanaTV
19.02.2026ж. 19:00
Ақтөбе облысы Темір ауданында 23 жастағы мұғалімнің мәйіті өз үйінен табылды

Ақтөбе облысы Темір ауданында 23 жастағы мұғалімнің мәйіті  өз үйінен  табылды. Қайғылы жағдай Еңбекші ауылында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм өзіне-өзі қол жұмсаған болуы мүмкін. Жас маман ауыл мектебіне бір жыл бұрын тарих пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа орналасқан. Ол педагогикалық қызметін жауапкершілікпен атқарып, әріптестері мен оқушылар арасында жағымды мінезімен танылған көрінеді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.