$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Qarakesek жүз сағат қоғамдық жұмысқа тартылмақ

AstanaTV
19.02.2026ж. 19:00
Qarakesek жүз сағат қоғамдық жұмысқа тартылмақ

Qarakesek лақап атымен танымал рэпер жүз сағат қоғамдық жұмысқа тартылмақ. Әнші есірткі заттарын заңсыз сақтады деп айыпталған болатын. Еске салайық,әнші  былтыр күзде ұсталды. Оның көлігінен тәртіп сақшылары синтетикалық есірткі салынған пакет тапқан.  Бұған дейін көлікті мас күйде жүргізген музыкант 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Енді есірткі сақтағаны үшін тағы да жаза арқалады. 100 сағат пробациялық бақылауымен қоғамдық жұмысқа тартылады. Рэпер жазаны айыппұлға ауыстыруды сұрады, концерттері бар екенін алға  тартып. Әйтсе де, жазасы өтелмейінше пробациялық бақылаудан қашып құтыла алмайды.

ТҰРСЫНХАН САЛИКОВ, №2 ҚАЛАЛЫҚ СОТТЫҢ СУДЬЯСЫ:

Амантаев Омар Қайратұлы ҚР ҚК 296-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылсын. Оған осы бап бойынша 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылу түрінде жаза тағайындалсын. Жергілікті атқару органдары тегін қоғамдық пайдалы жұмыс түріндегі қоғамдық жұмыстарға тартылуын қадағалау тұрғылықты мекен-жайы бойынша пробациялық қызметке жүктелсін. Психиатрдың амбулаториялық мәжбүрлік бақылауымен емдеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы тағайындалсын.