$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мемлекет басшысы Вашингтонда отандастарымызбен кездесті

Мемлекет басшысы Вашингтонда отандастарымызбен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барды.  

Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып, бірқатар елдің көшбасшыларымен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми тұлғаларымен кездесу өткізеді. Мемлекет басшысы алдымен Вашингтондағы отандастарымызбен кездесті. Жүздесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа үлкен үміт артатынын айтты. Сондай-ақ мемлекет жастарға ұдайы қолдау көрсетіп, олардың жан-жақты дамуына және қабілет-қарымын ұштауға қолайлы жағдай жасайтынын жеткізді. Президент наурыз айында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша өтетін жалпыхалықтық референдумның ел болашағы үшін тарихи маңызы зор екеніне назар аударды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Жастарға ешқандай тосқауыл жоқ. Ешқандай кедергі жоқ. Жастарға сенем. Біздің болашағымыз жастардың қолында. Келесі айда 15 наурызда бізде үлкен іс-шара болады. Референдум. Барып дауыс бересіздер деп ойлаймын. Өте маңызды іс-шара. Сондықтан бәріміз бір ұлт болайық, бәріміз бір ел болайық. Қазақстан үшін қызмет етейік бәріміз.

Студенттер мен жас зерттеушілер ғылым және білім саласына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылық білдірді.

ТАЛҒАТ АҒАЖАНОВ, СТУДЕНТ:

Біз осы болып жатқан реформаларды қолдап, бізде ғылым саласында жүрген оқытушыларға үлкен мүмкіндіктер болып жатыр. Мен осы реформаларды байқап, ойлаймын біз болашақта біздің әлеуетіміз өте дамиды. Осы үлкен университеттерден келе жатқан филиалдар бізге, біздің ғылыми потенциалымызды, балалардың, оқушылардың әлеуетін өте үлкен деңгейге шығарады деп ойлаймын.