$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Әшімбаев Қазақстандағы парламент сайлауының мерзімі туралы пікір білдірді

Әшімбаев Қазақстандағы парламент сайлауының мерзімі туралы пікір білдірді

15-і Наурызда өтетін референдумда халық жаңа Конституция жобасын қолдаса, мереке күні де ауысуы мүмкін. Бұл туралы Сенат төрағасы айтты. Жаңа Конституция қабылданған күн елімізде мереке ретінде аталып өтетіні белгіленген. Сондықтан Ата заң қабылданса, онда мереке күні өзгереді, - деді Мәулен Әшімбаев. Спикер Қазақстандағы парламент сайлауының мерзімі туралы да пікір білдірді. Айтуынша, Сенат пен Мәжілістің өкілеттігі тоқтағаннан кейін екі ай ішінде сайлау өтуі тиіс.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Егер Қазақстан халқы жаңа Конституция жобасын қолдайтын болса, өтпелі кезең ережелеріне сәйкес, біз осы құраммен 1 шілдеге дейін жұмыс істейміз. Содан кейін жаңа Парламент 1 қыркүйекте жұмысын бастайды.