$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жаңа Конституция жобасында неке мен отбасы құндылықтары айқындалған

19.02.2026ж. 19:00
Жаңа Конституция жобасында неке мен отбасы құндылықтары айқындалған

Жаңа Конституция жобасында неке және отбасы институтының мәртебесі айқын және құқықтық тұрғыда нақты бекітілген. Бұл барлық отбасы мүшелерінің, әсіресе, балалардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепілдік береді. Ата-ананың баланы тәрбиелеп, ал баланың ержеткен соң ата-анаға  қамқорлық жасауының  Заңмен міндеттелуі отбасы институтының нығаюына жол ашпақ дейді ел тұрғындары.

БЛИЦ:

- Перзент те ата-анасын бағуға міндетті деген пункт ерекше ұнады. Себебі біздерді ата-аналарымыз бақты, қақты, өсірді. Осы күнге дейін жеткізді. Ертеңгі күні біз де ата-анамыз үшін жауапты болуымыз керек. Бұл қазақтың отбасы институтында баяғыдан бар нәрсе ғой енді біздің дәстүрімізде. Бірақ соның заңға енуі көңіліме жақты ерекше.

- Жауапкершіліктен жалтарып жататын ата-аналарды кездестіріп жатамыз, яғни, балаға бір оқыс оқиға болған жағдайда баланың тәрбиесіне қатысты дүниелер болған кезде мектептегі мұғалімдерді, ұстаздарды кінәлап жатамыз. Ал біздің жаңа Конституциялық жобамызда баланың құқығы, соның ішінде баланың тәрбиесі, қамқорлығы ата-анаға міндеттеледі деп тайға таңба басқандай жазылып көрсетілген. Енді бұл бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамауға әсер етеді деп есептейміз.

- Қазақ қоғамында ер адамды биік ұстағанымен, қоғамда әдетте келеңсіздіктер пайда болады. Соның кесірінен отбасы бұзылуы деген жағдайға келеді. Сондықтан ер мен әйелдің теңдігі болған жағдайда ол болашақта тәрбиенің де, болашақта отбасының сақталуына да әкеледі деп ойлаймын. Неке тек жеке таңдау емес, ол - екі тараптың ортақ шешімі.

- Алып қашу, әйелдерін ұрып-соғу деген сияқты өте қылмыстық әрекеттер көп болып кетті. Ал енді жаңа Конституция солардың бәрінің алдын алуға көп әсері бар деп ойлаймын.