$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Премьер-министр Олжас Бектенов Нью-Делиде өткен "India AI Impact Summit 2026" саммитіне қатысты

Премьер-министр Олжас Бектенов Нью-Делиде өткен "India AI Impact Summit 2026" саммитіне қатысты

Қазақстан Үндістан нарығына 40 тауарлық позиция бойынша 150 млн долларға дейін өнім көлемін ұлғайтуға дайын. Бұл туралы Нью-Делиде өткен India AI Impact Summit 2026 халықаралық саммитінде айтылды. Жиынға барған Премьер-министр Олжас Бектенов әлемдік технологиялық компанияларды озық технологияларды дамыту саласындағы ынтымақтастыққа шақырды. Бұдан бөлек,   Үндістан Республикасының Премьер-министрі Нарендра Модимен екіжақты кездесу өткізді. Форум қорытындысы бойынша делегация басшылары халықаралық көрмеге барды, онда жасанды интеллект саласындағы практикалық шешімдер, технологиялар және қолданбалы әзірлемелер ұсынылды. Экспозиция өнеркәсіп, қаржы, денсаулық сақтау, қауіпсіздік және тағы да басқа салалардың кең ауқымын қамтыды.