$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Су тасқынының алдын алу жұмыстары күшейтілді

20.02.2026ж. 09:22
Су тасқынының алдын алу жұмыстары күшейтілді
«Қазсушар»

Көктемгі су тасқынына дайындық барысында «Қазсушар» РМК-ның Шығыс Қазақстан филиалы бірқатар жұмысты қолға алды. Негізгі мақсат – гидротехникалық нысандардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету және су басу қаупінің алдын алу. Осы мақсатта су қоймаларында тасқын суды қабылдайтын бос орын ұйымдастырылды. Арнайы техниканың еркін жүруі үшін қызметтік жолдар тазартылып, қажетті материалдар қоры дайындалды.

Сонымен қатыр жұмысшылар су өткізуге кедергі келтірмеу үшін су тораптары мен негізгі каналдарды қар мен мұздан тазартып жатыр. Барлық жұмыс жоспарға сай жалғасуда, жағдай тұрақты бақылауда.