Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Баскетболдан тұңғыш олимпиада чемпионы балалар академиясында шеберлік сағатын өткізді

AstanaTV
11.01.2018ж. 20:00
2515
Баскетболдан тұңғыш олимпиада чемпионы балалар академиясында шеберлік сағатын өткізді

Баскетбол спорты бойынша қазақтан шыққан олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедов балалар академиясы түлектерімен шеберлік шыңдау сағатын өткізді. Белгілі спортшының Астанаға келуі «Жоғары қозғалыс» фильмінің тұсаукесеріне орай ұйымдастырылған.

Бүгін фильм таңдаулы қонақтарға көрсетіліп жатыр. Картина сюжеті 1972-ші жылғы олимпиада ойындарына құрылған. Яғни осы жолғы сайыста кеңес баскетболшыларының американдықтарды жеңуі бейнеленеді. Сол тұста Кеңес құрамасы сапында жалғыз қазақ спортшы ойнаған. Әлжан Жармұхамедов фильмдегі көптеген оқиға ұшқыр қиялдың жемісі дейді. Әйтсе де туындының өзіне қатты ұнағанын айтып отыр.