$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырау облысында 64 жастағы ер адам азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген күдікке ілінді

Атырау облысында 64 жастағы ер адам азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген күдікке ілінді

Атырау облысында 64 жастағы ер адам азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген күдікке ілінді. 73 жастағы зейнеткердің мәйіті Доссор кентіндегі тұрғын үй ауласының   гаражынан табылды. Полицейлердің айтуынша, әйел Орал қаласынан келген.  Туыстары бір айдан бері хабарласпаған соң жан-жақтан іздеу салыпты.  Құқық қорғаушылар   тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеру кезінде  әйелдің мәйітін тапты.  Марқұмның денесінде жарақаттар болған. 

ДИНА МАҚСОТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 64 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде.