Атырау облысында алимент төлейтін 28 әйел бар. Олардың берешек сомасы 32 миллион теңгеден асқан. Борышкерлердің 90 пайызы - аналық құқығынан айырылып, перзенттері балалар үйіне өткізілгендер. Яғни олар мемлекет пайдасына берешек.Мамандардың айтуынша, көпшілігі тағдыр тәлкегіне түсіп, ішімдікке салынып кеткен. Сондықтан алимент төлеу қабілеті төмен. Мәселен, 11 млн теңге берешегі бар бір азаматшаның үстінен қазір қылмыстық іс қозғалып жатыр. Мамандар алимент өндіру үшін оларды жұмысқа орналастырғанмен, тұрақты жұмыс істеуге құлықсыз көрінеді.
АҚБӨБЕК ДҮСІПҚАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
30-40 жастың аралығында әйел азаматтар бүгінгі күнде. Бұлардың балалары 2010 жылдан бері балалар үйінде тәрбиеленуде көбісі. Әрісі әрқалай. Дегенмен де орташа есеппен, 2010 жылдан бастап балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан, екі баласын тастап кеткен, 4 баласын тастап кеткендер бар. Жаңағы айтқан 28 ананың ішінде, өкінішті әрине, ана алимент десе біздің ойымызға ер азамат түседі ғой, әке берешек деп, бұл жерде ана берешек болып отыр.
Айта кетейік, аймақта үш мыңнан астам борышкердің жалпы берешегі 3 млрд теңгеден асқан. 2 мыңға жуық азамат алиментті ішінара, ерікті түрде төлеуде. Перзенті алдындағы әкелік борышынан қашып, мүлдем төлемейтін борышкерлердің саны – 260.