Түркістан облысының 16 жастағы тұрғыны Еркебұлан Көбей 1 жарым жылдан бері қимыл –қозғалыссыз жатыр, сөйлемейді. Анасы Мақпал Ибраимованың айтуынша, ұлына «Анықталмаған вирустық энцефалит» деген диагноз қойылған. 2024 жылы 9-сыныптан соң колледжге түсуге медициналық тексеруден өткенде ешқандай кінәрат болмапты. Тіпті 15 жасқа дейін мүлдем ауырмаған балам көз алдымда бұлай жатқаны жаныма қатты батады дейді. Төрт перзентінің тұңғышы студент болатын болды деп қуанып жүрген сәтте аяқ асты сырқаттанып, ауруханадан бір-ақ шыққан Еркебұлан 36 күн Ордабасы ауданының ауруханасында комада жатыпты. Содан бері апармаған жер, қаратпаған дәрігер қалмаған. Дүние мүлікті түгел сатып біткендерін айтады. Баспанасы да жоқ, қазір пәтер жалдап тұрады. Ендігі үміті-түркиялық дәрігерлерде. Ол үшін бірақ қомақты қаражат керек. Шарасыз ана қайырымды жандардан көмек сұрайды.
МАҚПАЛ ИБРАИМОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Емі бар. Алып келіңіз, баланы емдейміз.» деп отыр. Қаражатым қалмады. Сол жақа алып барып баламды өз аяғымен жүріп келгенін қалаймын. Қазір бізге 12 млн жетпей тұр ол жаққа. Жолақысының өзі қымбат боп тұр. Соған енді қазақ елінен көмек сұрап отырмын. Көмектессеңіздер екен.
Телефон: +77474072208 Макпал.И.