$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбеде қазақ тілін үйренуге арналған «Сөйле» клубы 3 жылда 300-ге жуық адамды біріктірді

AstanaTV
20.02.2026ж. 19:00
Ақтөбеде қазақ тілін үйренуге арналған «Сөйле» клубы 3 жылда 300-ге жуық адамды біріктірді

Ақтөбеде қазақ тілін үйренуге арналған «Сөйле» тілдік клубы 3 жыл ішінде 300 ге жуық тұрғынды біріктірді. Клуб тыңдаушылары аптасына 2 рет тегін сабаққа қатысып, кітап оқып, фильмдер көріп, пікірталас ұйымдастырады. Мұндай әдіс тілді тез үйренуге мүмкіндік береді.  Клуб «Менің елім-менің тілім» жобасы аясында ашылған.  Еліміздің 12 өңірінде жұмыс істейді. Тыңдаушы саны 5 мыңнан асады. Жобаның мақсаты- қазақ тілін қарым-қатынас арқылы үйрету, жастар арасында тілге деген қызығушылықты арттыру.

АЛИНА ЛОГОЙКО, КУРС ТЫҢДАУШЫСЫ:

Біз бір-бірімізбен қазақша сөйлесеміз, қазақ тілінде сұрақты дұрыс қоюды үйреніп жатырмыз. Меніңше, бұл-өте маңызды. Өйткені, тек сөздерді жаттау жеткіліксіз, сөйлемді дұрыс құрай білу керек.

ӘЛІШЕР ТЫНЫШТЫҚ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ АОФ ТӨРАҒАСЫ:

«Сөйле» тілдесу клубының сабақтары аптасына 2 рет тұрақты түрде өтеді. Қала тұрғындары жалпы тегін негізде қазақша тілді үйренуге толық мүмкіндік алды. Сабақтар тек қана сабақ форматында емес, әртүрлі бір форматтарда жүзеге асады, оның ішінде мына қазақша киноларды көру бар, пикниктерге шығады.