Астанада "Саяси жүйені жаңғырту және жаңа құқықтық институттар" тақырыбында ауқымды сараптамалық дөңгелек үстел өтті. Жиналғандар конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталып, жалпыхалықтық референдумның ел болашағы үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті. Сонымен қатар азаматтардың құқықтарын кеңейту мәселесі сөз болды. Жаңа Конституция жобасында мемлекетіміздің іргелі негіздері, басты құндылықтары мен дүниетанымдық ұстанымдары жүйеленіп, заманауи талаптарға сай жаңғыртылған.
ЕРЛАН САРСЕМБАЕВ, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ:
Алғашқы қадам ретінде біз Адамның капиталын ең бірінші орынға қойып отырмыз. Адамның көзқарасымен жазылған ата-заң деп айтсақ та болады. Соның бәрін ескере отырып біз халықтық ата-заң деп айтуға да мүмкіншілігіміз болады. Миранда қағидасына байланысты нормаларды енгізіп отырмыз. Адвокатура институтына да байланысты тиісті баптарды енгізіп отырмыз.