Бурабай ауданында Кіші Шабақты көлінде ауа райының күрт нашарлауына байланысты екі балықшы өз бетінше жағаға жете алмай, құтқарушылардан көмек сұрады.
Оқиға орнына жол талғамайтын көлікпен жеткен ТЖМ қызметкерлері боран жағдайында екі ер адамды Ақылбай ауылына эвакуациялады. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.