Жаңа Конституция жобасы референдумда қабылданса, 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Бұл туралы жаңа Ата заң жобасының 94-бабының 1-тармағында көрсетілген.
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, 15 наурыз бен 1 шілде аралығындағы үш жарым ай ішінде тиісті заңнамалық актілер жаңа Ата заңға сәйкестендіріледі. Сондай-ақ Құрылтай, «Халық кеңесі» туралы Конституциялық заңдар қабылданады.