$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістан облысында 600-ден астам мал құжатсыз тасымалданған

Түркістан облысында 600-ден астам мал құжатсыз тасымалданған
Polisia.kz

Түркістан облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдарда мал ұрлығының алдын алу және болдырмау мақсатында ауқымды рейдтік іс-шара өткізді.

Тексеру жұмыстары тәулік бойы ұйымдастырылып, облыс аумағындағы негізгі бағыттар толық қамтылды. Жеті тәуліктің ішінде полицейлер мал тасымалдап бара жатқан 48 жеңіл және жүк көліктерін тоқтатты. Нәтижесінде 38 көліктен тиісті құжаттарсыз тасымалданған 613 бас мал анықталды. Құжатсыз мал тасымалдаумен айналысқан жүргізушілерге заң аясында шара көру үшін қалалық және аудандық полиция басқармаларына жеткізілді. Іс материалдары учаскелік полиция инспекторларына тапсырылып, әрбір дерек бойынша тексеру жұмыстары басталды.