$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қарағанды облысында жолаушылар тасымалы күшейтілген бақылауға алынды

Қарағанды облысында жолаушылар тасымалы күшейтілген бақылауға алынды
Polisia.kz

Қарағанды облысында жолаушылар тасымалы саласындағы тәртіпті нығайту мақсатында "Тасымалдаушы" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. 21–24 ақпан аралығында ұйымдастырылған ауқымды рейдтердің негізгі мақсаты – жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша патрульдік полиция батальонының қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдарда 127 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Тексеру барысында тасымалдаушылардың жол қозғалысы қағидаларын сақтау деңгейі, көлік құралдарының техникалық жағдайы және қажетті құжаттарының болуы жан-жақты сараланды. Жиі тіркелген құқықбұзушылықтар қатарында: заңсыз жолаушылар тасымалдау; жолаушылар мен багажды тасымалдау талаптарын бұзу; техникалық ақауы бар көлік құралын пайдалану; көлік жүргізу кезінде ұялы телефон қолдану; қауіпсіздік белдігін тақпау деректері бар. Сонымен қатар қарсы бағытқа шығу және тиісті құжаттарсыз көлік басқару фактілері де анықталды. Қарағанды облысы аолиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұхановтың айтуынша, жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бақылау шаралары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады. Құқық бұзушылықтарға жол берген тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылуда. Қабылданған шаралар нәтижесінде бірқатар көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынып, бірнеше автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция өкілдері азаматтарды тек заңды, қауіпсіз және тексерілген тасымалдаушылардың қызметін пайдалануға шақырады. Жолаушылар тасымалы саласындағы тәртіп пен қауіпсіздік – құқық қорғау органдарының тұрақты бақылауында.