Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің екі облысында республикалық маңызы бар тас жолдарда қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Абай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды.
«Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы (Бақты өткізу пункті)» тас жолы;
«Алматы – Өскемен» тасжолынан Таскескен ауылына бұрылыстан Үржар ауылына дейінгі аралық жабық.
Мұнда көрініс мүмкіндігінің нашарлауына байланысты көліктің барлық түріне шектеу қойылған.
Ақтөбе өңірінде де жол жағдайы күрделеніп тұр. Мұнда халықаралық маңызы бар күре жолдың бір бөлігі жабылды. «РФ шекарасы (Жайсан ө.п.) – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Алматы – ҚХР шекарасы» тасжолы жабық. Ақтөбе – Қарабұтақ – Ырғыз бағытында жүретін жүк көліктері мен жолаушылар автобустарының қозғалысына уақытша шектеу қойылды.
Құтқару қызметі жүргізушілерден ауа райы жағдайын ескеруді, алыс сапарға шықпауды және ресми хабарламаларды қадағалап отыруды сұрайды.