$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Дауылды ескерту жарияланды

23.02.2026ж. 07:37
Дауылды ескерту жарияланды
gov.Kz

Астана – кей уақытта қар жауады, бұрқасын болады, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с.

Алматыда таңертең тұман түседі.

Алматы облысы – таулы аймақтарында тұман болады, жолдарда көктайғақ.

Қонаев – таңертең тұман, күндіз желдің екпіні 15–20 м/с.

Жетісу облысы – шығысында, орталығында және таулы аудандарында кей уақытта тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с, Алакөл маңында кей уақытта 23–28 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысы – қар жауады, бұрқасын болады, көктайғақ. 

Көкшетау, Павлодарда  – қар жауады, бұрқасын күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы – қар жауады, бұрқасын, күндіз солтүстігінде және шығысында қалың қар жауады. Түнде оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15–20 м/с, күндіз 23–28 м/с.

Өскемен – қар жауады, бұрқасын, желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с.

Абай облысы  – қар жауады, бұрқасын, желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с.

Қалған аймақтарда да тұман болады.