$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жаңа сайланған Мәжіліс Үкіметке сенім білдірді

AstanaTV
25.03.2016ж. 20:00
2454
Жаңа сайланған Мәжіліс Үкіметке сенім білдірді

Үкімет жұмысын жалғастыратын болды. Бүгін жаңадан сайланған мәжіліс Министрлер кабинетіне сенім білдірді. Бұл бастаманы 96 депутат қолдады. Төменгі палатаның өзінде біраз тағайындаулар орын алды. Бұрынғы Үкімет мүшесі вице-спикер атанса, Атырау облысының экс-әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов төменгі палатының тізгінін ұстады. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.

Алтыншы шақырылым. Алғашқы жалпы отырыста төменгі палатаның спикерлері түгел қайта сайланып, Үкіметтің тағдыры шешілді. 4 депутат министрлер кабинетінің жұмысына көңілі толмайтынын білдірді. Тағы жетеуі сенім артып, дауыс беруден қалыс қады. Ал Үкімет мүшелері бұған аса қапаланған кейіп танытқан жоқ. Ал Үкімет мүшелері бүған аса қапаланған кейіп танытқан жоқ. Керісінше, кейбірі мұндай нәтижені күлкімен қарсы алды.

96 депутатов проголосовали «за», семь - воздержались, четыре – «против».

Ел Үкіметін 8 жыл басқарған Кәрім Мәсімов бұл жолы да өзі басқаратын атқарушы билікке үлкен үміт артып отырған мәжілісмендерге алғыс айтты. Президенттің сенімді серігі әрі көмекшісі екенін тағы қайталады.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:

Я хочу еще раз сказать, что я был, есть и остаюсь верным помощником нашего Президента.

Сөйтіп Үкімет өз орынында қалды. Алпыс пайыздайы жаңарған төменгі палатаның спикері тағайындалды. 2012 жылы осы мәжілістен Атырауға әкім болып аттанған Бақтықожа Ізмұхамбетов Парламентке қайта оралды. Оның кандидатурасы бірауыздан қолдау тапты. 

Ол іс пен сөздің бірлігін өз қызметінде көрсеткен жан. Қоғамда абыройлы азамат.

Бақытқожа Салахаддинұлы - Қазақстан қоғамына Елбасы тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың белсенді әріптесі, мемлекет үшін адал, аянбай еңбек етіп жүрген азамат.

Ал енді мәжілісте әр дүйсенбі сайын өтетін Үкімет сағатында министрлер өз әріптестері Владимир Божконың алдында есеп береді. Заң бойынша Үкімет сағатын вице-спикер жүргізеді. Мәжіліс төрағасының орынбасары болып сайланған 67 жастағы  Владимир Божко бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары болған. Екінші вице-спикер - Гүлмира Исімбаева. Сондай-ақ 7 бірдей комитеттің мүшелері анықталып, төрағалары сайланды. Аграрлық мәселелер комитетін - Сапархан Омаров, Әлеуметтік-мәдени даму комитетін - Гүлнәр Ықсанова, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетін - Нұрлан Әбдіров, Қаржы және бюджет комитетін - Гүлжан Қарақұсова, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін - Мәулен Әшімбаев, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетін - Глеб Щегельский, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетін - Роман Скляр басқарады.

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне, өзімнің бұрынғы комитетіме, келдім. Сайлаушылар бізге сенім артқан соң, көкейкесті мәселенің қайсысына болсын кірісе беруіміз керек.

Жаңа сайланған Мәжілістің мойнына артылған жүк жеңіл емес. Үкіметпен бірігіп, экономиканы тұрақтандыру, дамудың даңғыл жолына түсу. Ұлттық қор мен Зейнетақы қорынан миллиардтап бөлінген қаражатты ұқсату. Сол жолда сапалы заң жобаларын қабылдау. Қаржы үнемдеу мақсатымен мезгілінен бұрын жасақталған Мәжіліс осы жолда жұмылып еңбек етуі керек.  

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ