$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Референдумда мүгедектігі бар азаматтар үшін барлық жағдай жасалады

23.02.2026ж. 12:42
Референдумда мүгедектігі бар азаматтар үшін барлық жағдай жасалады
Фото: Аружан Задабек

Бүгін Орталық референдум комиссиясының кезекті екінші отырысы өтті.

Күн тәртібінде референдумда мүгедектігі бар адамдар үшін қандай жағдай жасалатыны сөз болды. Ол туралы комиссия мүшесі Ләззат Сүйіндік баяндады. 

Ол сайлау комиссиясы жанындағы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы 19 ақпанда отырыс өткізіп, онда маңызды мәселелер қаралғанын айтты.

Отырыста дауыс  беру учаскелерінің инфрақұрылымы туралы, дауыс беру бюллетеніне арналған Брайль қарпі бар трафарет туралы және мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруі үшін жаңа инновациялық құралдарды пилоттық енгізу туралы мәселелер қаралды, - деді Ләззат Сүйіндік.

Орталық референдум комиссияның төрағасы Нұрлан Әбдіровкомиссия мүшесі отырыстағы мәселелер ескеріліп, қазіргі таңда трафареттер дайындалып жатқанын айтты. Оның сөзінше, трафареттер барлық учаскеге таратылады. Оны орталық референдум комиссиясы қатаң бақылауда ұстайды. 

Сондай-ақ әрбір учаскеде Конституция жобасы мәтінінің аудио сүйемелдеуін орналастыру және барлық деңгейдегі референдум комиссиялары мүшелерін оқытуды ақпан айының соңына дейін аяқтау, мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруі үшін жаңа технологиялық құралдарды енгізу мәселесін одан әрі зерделеу секілді мәселелер де назарға алынған.