2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдум қарсаңында Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы қаулы қабылдаған еді.
Комиссияның мәліметінше, байқаушыларды аккредиттеу Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы негізінде жүзеге асырылған. Қаулыға сәйкес, шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың өкілдеріне тиісті куәліктер беріледі.
Референдумға келесі елдердің өкілдері аккредиттелді:
Бұл елдердің өкілдері референдум өткізу процесін бақылап, оның ашық әрі заң талаптарына сай өтуіне халықаралық деңгейде баға бермек.
Сонымен қатар, бірқатар халықаралық ұйымдардың миссиялары да аккредиттелді:
Халықаралық ұйымдардың қатысуы референдум процесінің жариялылығын арттырып, халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Қаулының орындалуын бақылау Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасарына жүктелген.