Алматы тауларында турист қаза тапты. Оқиға Алматы қаласының Медеу ауданындағы Титов асуы аумағында, теңіз деңгейінен 3400 метр биіктікте болған. Топта төртеу болған. Екі турист көшкін салдарынан қар астында қалып, оның біреуі өздігінен шыққан.
ДЕНИС ЯРЦЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫЫ:
Оқиға орнына Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің №23 әмбебап құтқару бөлімшесінің мамандары, «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, кинологтар және еріктілер дереу жіберілді. Жалпы саны — 45 адам жеке құрам және 10 бірлік техника. Іздестіру-құтқару операциясы барысында ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қардың астынан қаза тапқан адамның денесі шығарылды.