$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Аса ірі көлемдегі ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

23.02.2026ж. 19:00
Аса ірі көлемдегі ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Алтын бұйымдар мен гауһар тастары бар әшекейлер, күзен тон және ноутбук. Қарағандыда ұрылар осыншама бағалы затты бір үйден ұрлап кеткен. Жалпы шығын 20 миллион теңгеден асады. Күдіктілер Лобода көшесіндегі тұрғын үйлердің біріне металл қоршауды, пластик терезені күшпен бұзып, заңсыз кірген. Анықталғандай, олар алдын ала сөз байласып, қылмыстарды нақты жоспарланған схема бойынша жасаған. Аса ірі көлемдегі ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталды. Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер олардың өзге де ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Маманданған тұрақты қылмыстық топтың қылмыстық әрекеті әшкереленді. 35-39 жас аралығындағы үш ер адам ұсталды. Тергеу барысында алдын ала сөз байласып қылмыстары нақты жоспарланған схема бойынша жасағаны белгілі болды. Полиция қызметкерлерімен күдіктілердің өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.