Астанада 78 жастағы зейнеткерді тақырға отырғызған алаяқтар құрықталды. Елордалық полицейлер телефон арқылы жасалған кезекті қылмыстың бетін ашты. Белгісіз ер адам қарияға хабарласып, өзін «Ұлттық банктің қауіпсіздік қызметкерімін» деп таныстырады. Ол зейнеткердің шотында күмәнді операциялар жүріп жатқанын айтып, «ақшаны сақтап қалу үшін» дереу қолма-қол ақшаны курьерге беру керек деп сендірген. Қорқып қалған жәбірленуші алаяқтың айтқанын екі етпей орындаған. Ол өзінің жиған-терген 6 миллион теңгесін такси курьеріне ұстатып жіберген. Курьер бұл қаражатты үшінші тұлғаға табыстапты. Алған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
АСТАНА ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Біраз уақыттан кейін әйел адам алданғанын түсініп, полицияға жүгінген. «Anti-Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері күдікті 33 жастағы шетел азаматын анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.