$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістанда колледж жатақханасының қыздары тазалық жұмыстарына жегілген

Түркістанда колледж жатақханасының қыздары тазалық жұмыстарына жегілген

Видео авторының айтуынша, жатақханадағылар қыздарға ғимарат дәлізі мен әжетханасын да жуғызатын көрінеді. Осыған ызаланғандар наразылық танытқан. Айтқанға жүре қоймағандарға жатақханадағы  орынды босатуды  да бұйырыпты.  Бұл жағдайға байланысты білім басқармасы түсінік берді. Облыстық спартакиадаға байланысты қатысушылар осы жатақханаға жатқызу қажеттігі туындаған. Бос бөлмелерді тазалауға тәрбиеші мен вахта қызметкерлері студенттерге ауызша түрде ұсыныс білдірген. Алайда кейбір студенттердің бас тартуына байланысты түсініспеушілік болды дейді. Қазір жағдай бақылауда, арнайы комиссия құрылып,  зерделеу жұмыстары жүріп жатыр. 

НҰРЛАН СҰЛТАНБЕК, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған жағдай бойынша Білім басқармасы арнайы жұмыс комиссиясын құрып, мән-жайды анықтау мақсатында жатақханаға барып тексеру жүргізді. ҚР заңнамасына сәйкес кәмелетке толмаған білім алушыларды жұмыс жасауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оларға қысым көрсетуге жол берілмейді. Бұл – бала құқықтарын бұзу және балалар еңбегін пайдалануға тыйым салатын талаптарға қайшы әрекет. Тексеру нәтижесінде жауапты тұлғаларға сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Студенттер мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.