$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жаңа Конституция жобасында экологияға басымдық берілген

23.02.2026ж. 19:00
Жаңа Конституция жобасында экологияға басымдық берілген

Жаңа Конституция жобасында экологияға ерекше назар аударылды. Себебі экология жаһандану заманындағы өзекті мәселе болып тұр. Бұнымен күрес жүргізу -бүгінгі қоғамның парызы. Экологиялық мәдениет қалыптастыруға басымдық берілмек. Сондықтан бұл мемлекет тарапынан насихатталатын принцип ретінде бекітілді.

БЛИЦ:

- Қоршаған ортаға, оның табиғат байлығына зиян тигізбеуі керек. Табиғат дегеніміз -біздің жұтып отырған таза ауамыз. Жаңа Ата заң жобасы  экологияға ерекше басымдық беріп отыр. Бұл бірінші кезекте адамның өмірі мен денсаулығына тікелей байланысты дүние.

- Экология мәселесі бүгінде әлемдік күн тәртібіне шыққан өзекті тақырыптардың бірі. Біздің өңір- өндірісті аймақ. Сондықтан бұл мәселе біз үшін айрықша маңызды. Біздің ең үлкен байлығымыз – бірегей табиғатымыз, жеріміз бен суымыз, таза ауамыз. Егер осы құндылықтардан айырылсақ, басқа дүниенің біз үшін мәні бола ма деген сауал туындайды.

- Жаңа Конституция жобасында тиісінше табиғатты сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жасыл болашаққа бағытталған жауапкершілік – мемлекетіміздің ең маңызды қағидаттарының бірі ретінде айқын жазылды. Бұл Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтары, әлеуметтік әділеттілік, экономикалық және саяси даму ғана емес, сонымен бірге табиғатты қорғау міндеттері де стратегиялық басымдық ретінде көрсетілді.

- Экологиялық қауіпсіздік – біздің ортақ болашағымыздың кепілі. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мемлекет тарапынан насихатталатын негізгі принцип ретінде бекітіледі. Бұл – біздің қоғамымыз үшін өте маңызды қадам. Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы миллиондаған адамды біріктірді. Бұл құбылыс қоғамның экологиялық жауапкершілігін күшейтіп, табиғатты сақтау идеясын күнделікті өмірге енгізуде үлкен рөл атқарды.