Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады. Іс-шараға «AMANAT» партиясы "Жастар рухы" жастар қанатының белсенділері атсалысты. Халықты белсенділікке шақыру жұмыстары еліміздің барлық аймағында жалғасты.
Белсенділер бас қалада белгіленген орындарда үгіт-насихат плакаттарын іліп, ақпараттық-түсіндіру парақшаларын таратты. Олар тұрғындарға референдумның мән-маңызын түсіндіріп, саяси науқанда белсенді болуға шақырды.
ЕРЖАН ХАМИТОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жаңа Конституция үшін өтетін референдумның үгіт-насихат материалдарын таратуға шықтық. Белсенділермен бірге. Дәл осындай жұмыс барлық аймақтарда, сонымен қатар қалаларда, ауылдарда жүзеге асатын болады.
Атырау қаласында үгіт-насихат жұмыстарына 100-ге тарта жас тартылған. Олар 8 топқа бөлініп, қаладағы ірі сауда орындарына Конституция туралы ақпарат жазылған билбордтарды іліп жүр. Сондай-ақ “есіктен есікке” акциясы аясында тұрғындарға референдум туралы парақшаларды үлестіруде.
АБЫЛАЙ ҚҰРМЕТҰЛЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ АОФ ТӨРАҒАСЫ:
Біздің тұрғындар осы жаңа конституцияның редакциясымен таныстыру, оның мән-мазмұнын жеткізу, өзінің болашаққа деген өзгерістерін жеткізу болып табылады. Оған біздің жастарымыз сақадай сай. Біз күніне кемінде 200-дей үйді қамтит.
Шымкент қаласында да референдумға байланысты белсенді ақпараттық-түсіндіру кезеңі басталды. Арнайы дайындалған баспа өнімдерін тарату жұмыстары орталық көшелерде, Арбат демалыс аймағында, ірі сауда және ойын-сауық орталықтарында жүргізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – тұрғындарды толық әрі қолжетімді ақпаратпен қамтамасыз ету, әр азаматтың саналы түрде өз таңдауын жасауына жағдай қалыптастыру.
МҰРАТ ЖОЛДЫХОЖАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ҚАЛАЛЫҚ КОАЛИЦИЯ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Өздеріңізге белгілі, мынау үлкен саяси науқан басталып жатыр. Шымкент қаласында үлкен коалиция құрылды. Осы коалиция аясында бізде штаб құрылды. Штаб мүшелерімен бірлесіп бүгін үгіт-насихат материалдарын халыққа насихаттау барысында оның ішінде есіктен есік акциясы бойынша міне штаб мүшелерімен, жастар рухымен үлкен іс-шараны бастап, үгіт-насихат халыққа жасап жатырмыз қазір.
БЕКЗАТ ТӨЛЕБАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ШҚФ ТӨРАҒАСЫ:
Референдум күніне дейін бұл жұмыс әрі қарай жалғасатын болады. Басты біздің мақсатымыз, міндетіміз осы тұрғындарға халыққа Жаңа Конституцияның айқындықтарын, басымдықтарын дұрыстап жеткізе білу, түсіндіре білу. Бұл – Ата заңымыздың еліміздің болашағы үшін жалпы жұртымыздың жағдайы үшін өте маңызды құжат екенін жақсылап түсіндіру болып табылады.
Жамбылда да референдум қарсаңында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде. Осыған орай, өңірлік коалиция мүшелері мен «Жастар Рухы» Жастар қанатының белсенділері Тараз қаласында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Насихат қағаздары арнайы белгіленген орындарға ілініп, қала тұрғындарына таратылды.
ЕРҒАЛИ ӘБУҒАЛИ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ЖОФ ТӨРАҒАСЫ:
Белсенділер тұрғындарға осы жаңа конститутциямыздағы өзгерістерді оң өзгерістерді жаңадан қосылған баптарды барлығын түсіндіріп жатыр. Тұрғындардың қабылдауы өте жақсы. 15 наурыз күні барынша келетіндікерін жеткізіп жатыр.
Ақпараттық топ арнайы халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда ұйымдастырылды. Айта кетейік, референдумға дейін өңірде 70 мыңға жуық ақпараттық үгіт-насихат материалы тұрғындарға тарату жоспарланып отыр.