$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда Алмалыбақ заманауи ұстаздар форумы өтті

AstanaTV
23.02.2026ж. 19:00
Алматыда Алмалыбақ заманауи ұстаздар форумы өтті

Алматыда Алмалыбақ заманауи ұстаздар форумы өтті. Іс-шарада білім беру ұйымдары  ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол қойды.  Форумның негізгі мақсаты - Алмалыбақ мектебі мұғалімдеріне заманауи педагогтың жаңа бейнесін ұсыну және кәсіби ойлауын жаңғырту. Жиында білім беру саласындағы жаңа тәсілдер мен тәжірибелер талқыланды. 

НҰРҒАЛИ ТҰРЫМБЕТОВ, ҮЗДІК ҰСТАЗ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Осы жерде ұстаздарға түрлі жаңа спикерлер сөз сөйлеп, сонымен қатар заманауи жасанды интеллекті болсын, басқа да түрлі-түрлі заманауи педагогика әдістері болсын осыны қазір игерту бойынша ұстаздарға шабыт та береміз. Сонымен қатар серпін де береміз.

ЭЛЬВИРА РАЗАҚПАЕВА, АЛМАЛЫБАҚ МЕКТЕП - ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қазіргі заман талабына сай мұғалім әрқашан ізденісте болу керек. Яғни қазіргі альфа ұрпақтың бұрынғы сабақ емес, қазір сабақтың үстінде жаңашылдық, инновация, әртүрлі технологияларды қолданып, сабақты әдемілеп өзгеше қылып берсе, сонда ғана білім сапасы артып, оқушылардың ынтасы дамиды.