Таразда «Заң мен тәртіп» қағыдасын іске асыру үшін жас прокурорлардың клубы жұмыс істейді. Қоғамдағы тәртіп, бала кезден басталады деп прокуратура мен мектеппен өзара келісімге келіп, клуб ережесіне қол қойылған. Осы орайда қаладағы №66 орта мектебінің партада отырған жас прокурорлары үшін ашық есік күні өтті. Жыл басында аталған білім ошағанда Бауыржан Момышұлы атындағы «Болашақ прокурорлар» клубы құрылған. Сол клуб мүшелері үшін бүгін қалалық прокуратурада «Ашық есік күні» өтті. Жасөспірімдер құқық қорғаушылардың қызметімен танысып, өздерінің болашақ жұмысын орнындарының қандай болатынын көзбен көріп қайтты. Клубқа мүше 25 оқушы құжат негізінде адал азамат болуға антта қабылдаған екен. Енді олар заң үстемдігі үшін оқып, заңға адал қызмет етуге асығатындарын айтады. Мұндағы мақсат – жоғары сынып оқушыларының құқықтық санасын оятып, прокурор мамандығына ерте бастан кәсіби қызықтыру.
ШАДИЯР БАЗАРБАЙ, ОҚУШЫ:
Біз осы «Болашақ прокурорлар» клубы ретінде әр апта сайын викториналық сұрақтар құрастырамыз. Яғни осы викториналық сұрақтар арқылы біз оқушылардың құқықтық жауапкершілігін арттырамыз және өзіміздің жас прокруорлар клубын дамытамыз. Болашақта мен прокурор болғым келеді.