$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Көкшетауда жалған құжатпен агросубсидия алғандарға сот үкімі шықты

24.02.2026ж. 11:10
Көкшетауда жалған құжатпен агросубсидия алғандарға сот үкімі шықты
фото: Zakon.kz.

2 жыл бойы «МолПродЖаркаин» ӘКК директоры А.С. Ефимкина және «Рассвет» шаруа қожалығының басшысы А.В. Маслов сүт және оны терең өңдеу өнімдерінің өндірісін арзандатуға арналған субсидияларды заңсыз алып келген.

«Рассвет» шаруа қожалығында сүт өндіруге жеткілікті мал басы болмаған. Соған қарамастан электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде «МолПродЖаркаин» ӘКК-не 3 млн кг-нан астам шикі сүт жеткізілгені туралы жалған құжаттар рәсімделген», - делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

Мемлекетке келтірілген жалпы залал 152 млн теңгені құрады. Тергеу барысында 6 жер учаскесі, 4 пәтер, 11 автокөлік, мобильді ғимарат және өндірістік нысанға тыйым салынды.

Сот үкімімен А.В. Маслов пен А.С. Ефимкина 6 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.