Шығыс Қазақстан облысында соғыс ардагері Павел Стрехо 100 жасқа толды. Мерейтой иесін облыстық әкімдік қызметкерлері, 27943 әскери бөлімінің жеке құрамы, Қорғаныс істері департаментінің өкілдері құттықтап барды. Ардагерге Шығыс Қазақстан халқының атынан жаңа автокөліктің кілті табысталды.
Павел Еремеевич небәрі 17 жасында әскер қатарына шақырылған. Майдандағы ерлігі мен батылдығы үшін жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталған.
Павел Стрехо - III дәрежелі Даңқ ордені мен I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Кёнигсбергті алғаны үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен және Жуков медалімен марапатталған.