$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жеке кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады

24.02.2026ж. 13:32
Жеке кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады
фото: instagram.com/arsentomsky/

Кәсіпкер Арсен Томский мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесі әрі алғашқы бапкері Станислав Шайдоровқа Audi Q8 автокөлігін тарту етті.

Кәсіпкердің айтуынша, чемпиондықтың артында жылдар бойғы еңбек пен отбасының қолдауы тұр. Ол Станислав Шайдоровтың ұлының спорттық жолын жалғастыруы үшін өз көлігін сатқанын да атап өтті.

Автокөлікті табыстау рәсімінде чемпионның әкесі көз жасына ерік берді.