25 ақпанда сағат 11:00–де қалалық төтенше жағдайлар қызметі «Көктем-2026» республикалық оқу-жаттығуы аясында халықты құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізеді.
Тексеру кезінде «Барлығыңыздың назарыңызға!» дабыл сигналы бойынша қала аумағындағы сиреналар аз уақытқа қосылады. Сондай-ақ сынақ хабарламасын тарату үшін теле және радиоарналарды уақытша тоқтату жүйесі іске қосылады. Алматы төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға сабыр сақтауды ескертті.
- «Барлығыңыздың назарыңызға!» сигналы - төтенше жағдай қаупі төнген немесе туындаған кезде шұғыл ақпарат таратар алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту белгісі, - делінген хабарламада.
Тұрғындар дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарды немесе радиоқабылдағышты қосуы, ресми интернет-ресурстар мен мобильді қолданбалардағы ақпаратпен танысуы және ұсынылған нұсқауларға мұқият бағынуы керек. Сонымен қатар 25-26 ақпанда қаланың әр ауданында өзен арналары мен арық жүйелерін тазалау бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Қазіргі уақытта су тасқыны жағдайы бақылауда, қаланың жедел қызметтері алдын ала қажетті профилактикалық шараларды атқарды.
Ведомствоның мәліметінше, маусымдық өзгерістер негізінен қалың жауын-шашын мен көктемгі қардың еруіне байланысты, бұл Алматы үшін қалыпты құбылыс болып есептеледі. Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында қала аумағынан 150 мың текше метрге жуық қар шығарылды.