$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістанда 15 жастағы қызды зорлаған зейнеткер сотталды

24.02.2026ж. 17:19
Түркістанда 15 жастағы қызды зорлаған зейнеткер сотталды
Фото: Жоғарғы сот

Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "15 жастағы оқушыны зорлап, жүкті етті" деп айыпталған 70 жастағы зейнеткерге үкім шықты. Ол Қылмыстық кодекстің "Зорлау" бабы және "Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу" бабы бойынша кінәлі деп танылып, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. Сот оны педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырды. Айыпталушы жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді. Іс сотта жабық тәртіпте қаралған. Күдікті іс бойынша тағылған айыпты мойындамаған.

 

"Сот іс материалдарын зерттеп, айыпталушының іс-әрекетінде қылмыстық құрам бар деген тұжырымға келді. Сіз сотта айыпты мойындаған жоқсыз. "Бұл әрекетке қатысым жоқ" деген позицияны ұстандыңыз. Алайда сіздің уәждеріңіз сотта алынған жәбірленушінің жауаптарымен, іске тіркелген бірнеше сот сараптама қорытындысымен жоққа шығарылды", - деді судья Дәурен Мадалиев.