$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Күйеуін өлтірген әйел сот залынан босатылды

AstanaTV
24.02.2026ж. 19:00
Күйеуін өлтірген әйел сот залынан босатылды

Ақтөбеде күйеуін өлтірді деп айыпталған әйелге үкім шықты. 37 жастағы Ксения Седова сот залынан босатылып, амнистияға ілікті. Бұған дейін сот қылмыстың аффект жағдайында жасалғанын анықтап, әйелді жазадан босатқан болатын. Алайда марқұмның туыстары бұл шешіммен келіспей, арыз түсірген. Айыпталушы  бұрын-соңғды сотталмаған, кәмелетке толмаған бір баласы бар. Емханада әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеген. 37 жастағы Ксения Седова өз әрекетін қасақана емес, өзін және кәмелетке толмаған баласын қорғау мақсатында жасағанын айтты.

КСЕНИЯ СЕДОВА, АЙЫПТАЛУШЫ:

Құрметті сот. Күйеуімді өлтірем деген ойым болған жоқ. Тек өзімді және баламды қорғадым. Әділ шешім болады деп үміттенемін.

Еске салайық, бұған дейін сот бұл әрекетті аффект жағдайында жасалған деп таныған. Алайда марқұмның туыстары істі қайта қарауға қол жеткізді. Марқұмның анасы келінінен моральдық өтемақы ретінде жиырма млн теңге сұраған. Бүгін сот іске ақтық нүкте қойды.

ЖӘНІБЕК СЕЙІТЖАППАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 29 маусымдағы “Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты амнистия туралы” Заңының 3-бөлігінің 1-тармағы 3-тармақшасына сәйкес Седова тағайындалған жазадан босатылсын. Қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы күшін жойып, ол сот залында дереу босатылсын. Жәбірленуші тарапқа 5 млн теңге өтемақы төлесін.