$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістан облысында 15 жастағы қызды зорлады деп айыпталған зейнеткерге сот үкімі шықты

Түркістан облысында 15 жастағы қызды зорлады деп айыпталған зейнеткерге сот үкімі шықты

Түркістан облысында 15 жастағы қызды зорлады деп айыпталған зейнеткер 15 жыл 6 айға сотталды. Судья Дәурен Мадалиевтің айтуынша, ер адам сотта өзінің қылмысын мойындамаған. Десе де, сот сараптама қорытындыларымен және басқа да іс құжаттарымен оның әрекеті дәлелдені белгілі болды. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Айта кетейік, сұмдық жағдай Келес ауданына қарасты Еңбекші ауылында болған. Туыстары кәмелет жасына толмаған қыздарының аяғы ауыр екенін былтыр қаңтарда іштегі шарана жеті айлық болғанда бір-ақ білген. Сотталушы жәбірленушілермен көрші тұрған туыс аталары болып келеді.