$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда жетпісті алқымдаған қария күйеуін пышақтап тастады

24.02.2026ж. 19:00
Павлодарда жетпісті алқымдаған қария күйеуін пышақтап тастады

Павлодарда жетпісті алқымдаған қария күйеуін пышақтап тастады. Оқиға өткен жылдың қазан айында болған. Екі қария  ішімдік ішіп, артынша сөзге келіп қалыпты.  Бұған ашуланған әйелі күйеуін пышақпен қорқытпақшы болған. Алайда, абайсызда жасалған соққы күйеуінің ішін жарақаттады. Салдарынан ол ауруханадан бірақ шығып, аман қалды. Десе де, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, іс материалы сотқа жолданды.

АГИДЕЛЬ ИБРАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Павлодар қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық істі қарады. К-ны Қылмыстық Кодекстің 106 бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қылмыстық Кодекстің 63-бабына сәйкес пробациялық бақылау белгілеумен тағайындалған жаза шартты деп естелінеді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.