$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда тұрғындарға АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырған екі трансвестит ұсталды

Атырауда тұрғындарға АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырған екі трансвестит ұсталды

Атырауда тұрғындарға АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырған екі трансвестит ұсталды.  Олар   жыныстық жолмен берілетін жұқпалы дертпен медициналық есепте тұрса да, ер адамдарға интимдік қызмет көрсеткен. Екеуі де - облыс тұрғыны.  23 және 28 жастағы азаматтар клиенттерін былтыр желтоқсаннан бері  тұрақты түрде қабылдаған.  Полицейлер әзірге қанша жәбірленуші зардап шеккенін айтпай отыр.  Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Өздерінде бұл аурудың бар екеніне қарамастан  өзгелерге АИТВ инфекциясын жұқтырған 23 және 28 жастағы  қатысты қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу  амалдары жүргізілуде. Және бұл қылмыс үшін ҚР 5 жылдан 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.