Павлодарда 3 жастағы бала абайсызда көзіне қайшы сұғып алды. Оны ата-анасы байқамай қалыпты. Тек көзі ауырсынып, бала мазасыздана бастағанда ғана дәрігер көмегіне жүгінген. Тексеру барысында көздің қасаң қабығы тесіліп, ішкі қабығы сыртқа шығып кеткені белгілі болды. Ақ халаттылар бірден операция жасап, баланың өмірін сақтап қалды. Қасаң қабықтың жыртылған жерін тігіп, көздің анатомиялық тұтастығын қалпына келтірген. Өйткені, көзі көрмей қалу қаупі төнді. Қазір жағдайы жақсарған бала үйіне шығарылды.
ДИНАРА СЕЙІТҚҰЛОВА, БАЛАЛАР ОФТАЛЬМОЛОГЫ:
Операция өте сәтті өтті. Өйткені, ата-анасы жарақат алғаннан кейін бірден білмеген. Сол себепті уақыт жоғалтып алдық. Өйткені, осы аралықта көзге инфекция түсіп кету қаупі болды. Осыған қарамастан, ота сәтті жасалды. Бастысы баланың көзін сақтап қалдық. Ал көру қабілеті бұрынғыдай анық болмауы мүмкін. Десе де, уақыт өте келе түзеліп кетуі де мүмкін. Оны енді уақыт көрсетеді.