Сиыр еті шетелге картоп ретінде шығарылады. Әлеуметтік желіде экспортқа шектеу қойылғанына байланысты осындай құйтырқы әрекетпен айналып жүргендер туралы ақпарат тарауда. Ауыл шаруашылық министрі бірақ бұл жалған ақпарат деп отыр. Оның айтуынша, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті экспорттық ағындарды тұрақты түрде қадағалап отыр.
АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:
Картоп тасымалданатын вагондарға ет тиеу техникалық және санитарлық талаптарға сәйкес келмейді. Ет өнімдері арнайы температуралық режимді қажет етеді және теміржол арқылы тек арнайы суытқыш вагондармен жеткізіледі. Құжатсыз шекарадан өтпек болған жүк көлігі анықталды. Тексеру барысында тиісті құжаттар рәсімделіп, кінәлі тұлғаларға заңнамаға сәйкес әкімшілік шара қолданылды.
Сала минситрі ет бағасының қанша болуы керектігін де айтты. Ол ет экспортына байланысты қымбат бағаны көздеп отырған фермерлер бар екенін жасырмады. Себебі қазіргі баға 4 жарым мың мен 6 мыңның аралығында деді. Дегенмен ет сапасына қарай бағаланатынын жеткізді. Ал, ішкі нарыққа қатысты ешқандай қымбатшылық болмайды деді.
АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:
Тіпті арзандады деуге болады, бір кезде бұл баға 2000 теңгеге дейін жеткен болса, қазір орта есеппен 1700 теңгеге айналады. Егер 1700 теңгені етке шаққанда есептесек, ішкі нарықтағы көтерме баға шамамен 3000-4000 теңге болады.