$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Елде көктемгі тасқынға дайындық қалай?

24.02.2026ж. 19:00
Елде көктемгі тасқынға дайындық қалай?

Елде көктемгі тасқынға дайындық күшейді. Өңірлердің 14,3 миллиард текше метрден астам суды қабылдауға мүмкіндігі бар.

Қазір солтүстік өңірлерде су қоймаларының 70 проценті толған. Ал орталықтағы жағдай - 68, батыста – 48, шығыста – 86 пайыз болды. Мамандар бұл резерв тасқын суды қауіпсіз қабылдауға жеткілікті дейді.

Биыл 56 гидротехникалық нысан тексеріліп, 39 нысан жөндеуден өтті. Елді мекен маңындағы 166 шақырым өзен арнасы тазартылды. Қазір 16 мамандандырылған ұйым 846 нысанды қадағалап, 1193 маман тасқын кезінде халық пен инфрақұрылым қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын отыр.