$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырау облысында жоғалған отбасы: ІІМ кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстады

24.02.2026ж. 19:32
Атырау облысында жоғалған отбасы: ІІМ кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстады
Фото: gov.kz

ҚР Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ІІМ қызметкерлері шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл нәтижесінде Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген ер адамды ұстаған. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша күдікке алынды.

Онымен бірге бұған дейін хабар-ошарсыз кетті деп халықаралық іздеуге жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталған.

«Тергеу деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қараша айында Атырау облысында күдікті ұзаққа созылған тұрмыстық жанжал мен пайдакүнемдік ниет негізінде екі адамды қасақана өлтіруді алдын ала жоспарлап, жүзеге асырған. Қылмысты жасағаннан кейін ізін жасыру мақсатында мәйіттерді шаруашылық құрылысының астына көміп, қан іздерін жойған, сондай-ақ жәбірленушілердің мүлкі мен қаражатын иемденген», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оларды Қазақстанға депортациялау мәселесі қарастырылып жатыр.