2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров елге оралды.
Астана әуежайында өткен ойындардың басты қаһармандарының бірін салтанатты түрде қарсы алды.
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және Қазақстан конькимен мәнерлеп сырғанау одағының президенті Бауыржан Ералы чемпионға құрмет көрсетіп, жылы лебіздерін білдірді.
Кездесу барысында Софья Самоделкинаның жетістігі де ерекше атап өтілді. Ол Олимпиадада 10-орынға ие болып, Қазақстан әйелдер мәнерлеп сырғанауының тарихында ең үздік нәтижені тіркеді.